Тоқыма және жеңіл өнеркәсіп ҒЗИ

Амантаева Алмагүл Құрманғалиқызы

Текстиль және жеңіл өнеркәсіп ғылыми-зерттеу институтының директоры, химия ғылымдарының кандидаты

Телефон: 293 52 95 (ішкі 139)
E-mail: a.amantaeva@atu.edu.kz 
 

Сейтжанова Мақпал Әзизқызы

Ғылыми зерттеулер сарапшысы, доктор PhD

E-mail: makpal_90.90@mail.ru 

Текстиль және жеңіл өнеркәсіп ғылыми-зерттеу институты (ТжЖӨ ҒЗИ)

Текстиль және жеңіл өнеркәсіп ғылыми-зерттеу институты (ТжЖӨ ҒЗИ)
«Алматы технологиялық университеті» АҚ-ның 2004 жылы құрылған ғылыми құрылымдық бөлімі болып табылады. ТжЖӨ ҒЗИ қызметінің мақсаты – ғылыми зерттеулерді нәтижелі ұйымдастыру, жүйелік жоспарлау, жоғары білікті кадрлар дайындау. ТжЖӨ ҒЗИ жеңіл және тоқыма өнеркәсібі саласындағы кең ауқымды негізде келесі бағыттар бойынша іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүзеге асырады: 


•    жұмысшылардың еңбек жағдайын зерттеу негізінде қауіпті және зиян өндірістік факторлардан қорғауға арналған әртүрлі қолданыстағы арнайы киімдерді дайындау әдістері;
•    жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының дизайн концепциясын дайындау;
•    өртке тұрақты, жылудан қорғайтын, су жұқтырмайтын, май жұқтырмайтын, бактерияға қарсы және т.б. арнайы қасиеттері бар текстиль материалдары мен иірімжіптердің түрлерін дайындау әдістері;
•    тоқылмаған материалдарды алудың инновациялық технологияларын дайындау;
•    текстиль материалдарды әрлеуге арналған суда еритін полимерлер негізінде жаңа текстильді қосымша заттектерді дайындау;
•    трикотаж және иіру өндірістеріндегі ресурс үнемдейтін технологиялар;
азық-түлік емес тауарлар мен бұйымдардың сапасы мен қауіпсіздігі.

2004-2024 жылдар аралығында ТжЖӨ ҒЗИ-ның техникалық негізі  құрылды, қазір ол заманауи  жабдықтар паркімен, тиісті бағдарламалары бар компьютерлік техникамен, тігін бұйымдарын жобалаудың автоматтандырылған жүйелерімен жабдықталған. Сонымен қатар, арнайы киімге арналған материалдар пакеті арқылы өтетін дыбыс деңгейін өлшеуге мүмкіндік беретін аспаптар мен қондырғыларды, материалдар мен киім пакеттерінің жылудан қорғайтын қасиеттерін анықтауға мүмкіндік беретін қондырғыларды, циклдік әсер ету кезінде материалдардың деформациясын зерттеуге арналған қондырғыларды, киім материалдары пакеттерінің тозуға төзімділігін зерттеуге мүмкіндік беретін қондырғыларды әзірлеу және жобалау бойынша жұмыстар жүргізілуде. ТжЖӨ ҒЗИ ұйымдық құрылымына Тоқыма материалдарының технологиясы және қауіпсіздігі ғылыми-зерттеу зертханасы және Жеңіл өнеркәсібі бұйымдарын жобалау ғылыми-зерттеу зертханасы кіреді.
 

 

Тоқыма материалдарының технологиясы және қауіпсіздігі ғылыми-зерттеу зертханасы  (ТМТжҚ ҒЗЗ)

Зығыр тұқымдас өсімдіктердің сабақтық бөлігін өңдеу, ірі (тұрпайы) жүнді ешкі жүнін тарау технологиясын жетілдіру, тоқыма материалдарын түрлі қосалқы заттармен әрлеу мақсатында нано- және биотехнологияларды қолдану бағыттарында ғылыми-зерттеу жұмыстарды жүргізеді.

ТМТжҚ ҒЗЗның басым бағыттары:

ТМТжҚ ҒЗЗның негізгі жетістіктері: «АТУ» АҚ ғалымдарының жетекшілігімен, тоқыма материалдарының технологиясы және қауіпсіздігі ғылыми-зерттеу зертханасының базасында жүргізілген ғылыми зерттеулердің нәтижелері бойынша, келесі ғылыми-зерттеу жұмыстары орындалды:

 

Жеңіл өнеркәсібі бұйымдарын жобалау ғылыми-зерттеу зертханасы (ЖӨБЖ ҒЗЗ)

Әлеуметтік, экономикалық, эксплуатациялық және гигиеналық ерекшеліктерін ескере отырып, мектеп киімін жобалау саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді; өтпелі-маусымдық және қыс кезеңіне киуге арналған, металлургтерге арнайы киім үлгілерінің топтамаларын әзәрлейд; күйік және онкологиялық науқастарға арналған инновациялық материалдардан жасалған киім кешендерін жасайды.

ЖӨБЖ ҒЗЗ басым бағыттары:

ЖӨБЖ ҒЗЗ негізгі жетістіктері: «АТУ» АҚ ғалымдарының жетекшілігімен жүргізілген ғылыми зерттеулердің нәтижелері бойынша, жеңіл өнеркәсібі бұйымдарын жобалау ғылыми-зерттеу зертханасының негізінде, келесі ғылыми-зерттеу жұмыстары орындалды:

 

 

 

 

Галерея

Жүктеу файлдары